← ОйынғаҚазақшаРусскийEnglish

Құпиялылық саясаты

Соңғы өзгеріс: 2026 жылғы 9 қараша

Бұл бет Garba (garba.top) қандай деректер жинайтынын және оларды не үшін қолданатынын түсіндіреді. Тіркелу жоқ: телефон нөмірі, e-mail, құпиясөз сұралмайды.

1. Не сақталады

2. Не үшін

Ойынды жүргізу, бұзушылықтың алдын алу (ереже бұзғандарды шығару) және ойынды жақсарту үшін жалпы статистика (қанша ойнайды, қай уақытта). Деректер сатылмайды, жарнамаға қолданылмайды, бөгде аналитика сервистері жоқ.

3. Дауыс

Дауыстық сөйлесу браузерден браузерге тікелей жүреді (WebRTC); ойын дауысты жазбайды және сақтамайды. Бір ғана жағдай: ойыншы басқа ойыншының дауысына шағымданса (орынды басып → «🚩 Дауысына шағым»), оның телефоны сол ойыншыдан естіген соңғы ~30 секундты шағыммен бірге админге жібереді (бұл дыбыс сол ойыншының микрофоны қосулы кезде ғана, тек шағымданушының телефонында уақытша тұрады). Админ оны шағымды қарау үшін 30 күн сақтайды, содан кейін өшіріледі. Ереже бұзғаны үшін админ ойыншының дауысын өшіре алады. Байланыс орнату үшін Google-дің STUN сервері қолданылады — ол сіздің IP мекенжайыңызды көреді. Тікелей қосылу мүмкін болмаса (кейбір мобильді желілерде), дауыс біздің серверіміз арқылы өтеді: ол шифрланған, сервер оны естімейді және жазбайды.

4. Google арқылы кіру және жарнама

Google арқылы кірсеңіз (міндетті емес), біз Google аккаунтыңыздың идентификаторын, email мекенжайыңызды және атыңызды сақтаймыз — тиындарыңызды кез келген құрылғыда сақтау үшін. Email ешкімге көрсетілмейді; көшбасшылар тізімінде тек ойындағы атыңыз көрінеді. Құпия сөзіңізді біз ешқашан көрмейміз.

«Жарнама көру» батырмасы Яндекс жарнамасын (Яндекс жарнама желісі) немесе Google жарнамасын (AdSense) көрсетеді. Олар жарнама үшін cookie файлдарын және құрылғы мәліметтерін пайдалануы мүмкін — Яндекс ережелері, Google ережелері. Жарнама тек сіз батырманы басқанда көрсетіледі.

🎬 Жергілікті жарнама берушілердің видеосы (ойынның өз серверінен, тек сіз басқанда): видеоны кім, қашан көргенін санаймыз — тиын беру және күнделікті шекті сақтау үшін. Жарнама берушіге тек жалпы сандар беріледі (қанша көрді, қанша ойыншы, қанша рет сілтемесін басты) — аттарыңыз, кім екеніңіз берілмейді.

🎟 Бонус кодтар: қай есеп қай кодты қашан қолданғанын сақтаймыз — әр кодты бір рет беру үшін. Мұны тек админ көреді.

Сайтқа кірулерді санау үшін Яндекс Метрика қолданылады (қанша адам кірді, қай елден, қай құрылғыдан). Ол cookie файлдарын пайдаланады; экрандағы әрекеттеріңіз жазылмайды — Метрика ережелері.

5. Телефоныңызда

Атыңыз, құрылғы коды, тіл, дыбыс баптауы және соңғы бөлмелер браузерде сақталады. Браузер деректерін тазаласаңыз, олар өшеді.

6. Қай жерде және қанша уақыт

Үстел чатының хабарлары тек сол үстелдегі ойыншыларға көрінеді және бөлмемен бірге өшіріледі (үстелде соңғы 50 хабар ғана сақталады); ал әр ойыншының өз жазған соңғы 200 хабары админ үшін 30 күн сақталады (шағым мен ереже бұзуды қарау үшін), аккаунтпен бірге өшіріледі; шағым түскен хабар (жазған мен шағымданған адамның атымен) админ үшін сақталады — соңғы 1000 шағым; балағат не мазақ үшін админ чатқа жазуды жаба алады. Деректер DigitalOcean серверінде сақталады. Бос бөлмелер шамамен 1 сағаттан кейін өшіріледі (олардың ойындары админ үшін 7 күн сақталады). Таратуды сілтемемен бөлісуге болады: сілтемені ашқан адам сол таратуды үстелдегі ойыншылардың аттарымен көреді (жабық карталарсыз); сілтеме тарату сақталғанша жұмыс істейді; ойын статистикасы 12 айдан кейін өшіріледі. Тек адамдар ойнаған таратулар (карталар, сауда және тиындар, аттарсыз, құрылғысыз және IP-сіз) ойын боттарын жақсарту үшін қолданылады. Телефон нөмірі немесе мессенджер (WhatsApp, Telegram, «личка») жазылған хабар *** болып көрсетіледі және жазылған күйінде админге жіберіледі (тиындарды сатуға болмайды). Әр таратудың әр аккаунт бойынша ұтыс / ұтылыс тиындары ойын статистикасымен бірге сақталады — ойыншыдан ойыншыға әдейі берілген тиындарды табу үшін.

7. Сіздің құқықтарыңыз және аккаунтты өшіру

Аккаунтты өзіңіз өшіре аласыз: ойында (сайтта не Android қосымшасында) 👤 Профиль → төмендегі «Аккаунтты өшіру». Тиындар, тарих, ат, достар, хабарлама жазылымы және Google байланысы (email) бірден өшіріледі; тараулардың жалпы журналы (кім қандай жүріс жасады) 7 күннен кейін өзі жойылады. Админ үшін тек қысқа жазба қалады: ойындағы атыңыз, қашан өшірілгені және қанша тиын болғаны (email-сіз). Аккаунтты өшіріп-қайта ашып тиын жинауға жол бермеу үшін құрылғының және Google аккаунтының шифрланған (кері ашылмайтын) ізі 30 күн сақталады: осы уақытта солардан ашылған жаңа аккаунт өшірілгенде қанша тиын болса, сонымен басталады (ең көбі 10 000), ал бүгінгі бонус, сыйлық және жарнама көрулері пайдаланылған болып саналады. Деректеріңізді көруді немесе өшіруді хатпен де сұрай аласыз: support@garba.top. Ойын 21 жастан асқандарға (21+) арналған.

Пайдалану шарттары